Қостанайда шағынаудандарының тұрғындары бірнеше күнге газсыз қалады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдың шағын аудардарының кейбіреуінде профилактикалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты бірнеше шағынаудандар мен көшелер газдан ажыратылады.  Бұл жөнінде Қостанай қаласының әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚазТрансГазАймақ»  АҚ-ның Қостанай өндірістік филиалының хабарламаларында айтылғандай, газ құбырларында жүргізіліп жатқан профилактикалық  жұмыстарға байланысты 19 мен 22 маусым аралығында Қостанай қаласының тұтынушы тұрғындары газбен жабдықтаудан ажыратылады. Дәлірек айтқанда, Наурыз шағынауданы, Маяковский көшесі, Абай-Быковский-Маяковский-Хакімжанова көшелерінің аумағында орналасқан Ж.Интернационалистер 1/1, 2/1 үйлері.

Тұтынушыларға газ жоспарланған жұмыстардың аяқталуына қарай, кезең-кезеңмен берілетін болады. 

Соңғы жаңалықтар