+7 (701) 759 90 19
USD 386.44 EUR 428.37
RUB 6.06 CNY 54.93
Jańalyqtar

Қостанайда шағын және орта бизнесті қолдауға 6 млрд теңге бөлінді

2019 жылғы 11 сәуір 14:27
Бөлісіңіз:
Қостанайда шағын және орта бизнесті қолдауға 6 млрд теңге бөлінді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында 2019 жылдың алғашқы тоқсанының өзінде шағын және орта бизнестің 80 жобасын қаржыландыруға 6 млрд теңге қарастырылып отыр. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінде белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Мәселен, өткен жылдың тоғыз айында 353,9 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Бұл жалпы ішкі өнімнің 24% -іне тең. Облыстық кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Роза Горяннаяның айтуынша, 2018 жылы 51 093 шағын және орта кәсіпкерлік нысаны тіркелген.

«Әсіресе, облыс орталығынан шалғай орналасқан Денисов, Аманкелді, Жанкелдин аудандарында бұл жұмыстар қарқын алған. Керісінше, Қамысты ауданы мен Рудныйда кәсіпкерлік алға басар емес. Бұл аудандарда шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысу ісі мардымсыз. Осыдан барып өнім өндіру көлемі төмендейді. Сондықтан, аудан, қала әкімдері мұндай келеңсіздіктің алдын алу үшін нақты жоспар түзулері тиіс. Бұл бағытта мемлекет тиісті көмек беріп келеді. Осыны тиімді пайдаланған жөн»,-деді Роза Горянная.

Жалпы, облыста «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» екінші бағыты шеңберінде шағын және орта бизнес субъектілерін микрокредиттеуге 2,1 млрд теңге қарастырылған болатын. «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» шеңберінде қосымша тағы 1 млрд теңге бөлінді. Қаражат толығымен игерілді, бұл ретте 933 кәсіпкер шағын несие алып, кәсібін дөңгелетуде.

«Өткен жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберінде облысқа 2 млрд 759 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Осы арқылы кәсіпкерлердің 200-ге жуық жобасына қолдау көрсетілді. Бұл бағдарламалардың экономикалық әлеуеті зор. 2019 жылдың алғашқы тоқсанының өзінде шағын және орта бизнестің 80 жобасын қаржыландыруға 6 млрд теңге қарастырылып отыр», - деді ол.

2016 жылдан бастап облыста кәсіпкерлерді өңірлік қаржыландырудың «Қос Қолдау» бағдарламасы жұмыс істеуде. Аталған бағдарлама бойынша екі жыл ішінде 1329 млн теңгенің 53 кредиті берілді, оның ішінде 2018 жылы қайта инвестицияланған қаражат есебінен сомасы 181 млн теңгенің 7 жобасы мақұлданды.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов аудан және қала басшыларына өңірлерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда нақты жұмыстар жүргізу қажеттігін қадап тапсырды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT