Қостанайда шағын кәсіп ашуға мыңнан астам несие берілді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған жұмыс тобы Қостанай ауданына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Делегация Қостанай ауданындағы жұмыспен қамту және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысымен танысты. Бүгінде аталмыш орталықтарда қызмет түрінің тең жартысы электронды нұсқаға ауысқан. Жалпы Қостанай ауданында 75 мың тұрғын бар. Орталықтардағы жұмыс күші тұрғындарды толық қамтуға мүмкіндік береді.null

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы облыстық филиалының басшысы Сағдат Бектұровтың айтуынша, 2018 жылы корпорация қызметкерлері бірыңғай байланыс орталығы арқылы берілген өтінімдерге сәйкес 2899 қызмет көрсетті. Оның ішінде 43 мүмкіндігі шектеулі адамның үйлеріне барып, мемлекеттік қызмет ұсынды. Орта есеппен алғанда, облыс бойынша ХҚО-ға күніне 6000-8000 адам, ал Қостанай ауданында 400-600 адам келеді.null

Гүлшара Әбдіxалықова орталыққа келген азаматтармен сөйлесіп, қызмет көрсету барысын қадағалады. Ол тұрғындарға уақытылы әрі сапалы қызмет көрсетуді тапсырды.

Премьер-министрдің орынбасарына облыстағы жұмыспен қамту көрсеткіштері мәлім етілді. Былтыр өңірде «Бастау бизнес» бағдарламасымен 2311 адам бизнес курстарынан өтсе, оның 667-сы шағын несие алды. Ал облыс бойынша тұрғындарға кәсіптерін ашу үшін 1039 шағын несие берілген. Оның нәтижесі жаман емес. Әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында шаруасын дөңгелеткен кәсіп иелерінің қатары артқан.

Гүлшара Әбдіхалықова өз сөзінде Үкімет мүшелерінің өңірлерді аралаудағы басты мақсаты - аз қамтылған отбасылардың тыныс-тіршілігін көзбен көріп, қордаланған мәселелердің шешілуіне тікелей атсалысу екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар