Қостанайда саяжай өртеніп, ер адам көз жұмды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Рудный қаласындағы саяжай қоғамдастығында ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, оқиға қаладағы №3 саяжайда болған. Бір қабатты жеке тұрғын үйден өрт шыққан.

«Өрт 15 шаршы метр аумақты шарпыды. Сағат 17:35-те үй ішінен 55 жастағы саяжай иесінің денесі табылды. Оның жиҺаз цехында күзетші болып жұмыс істегені белгілі», - делінген ТЖД ақпаратында.

Қостанай облысы ТЖД қысқы жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтау туралы ескертеді.

Соңғы жаңалықтар