Қостанайда сауда орындары аукцион арқылы сатылып жатыр

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда «1000 сауда орны» бағдарламасы бойынша алғашқы 15 жер учаскесі бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ең қымбат жер «Kostanay Plaza» сауда орталығы айналасындағы жер телімі болды. Учаске аукционда бастапқы бағасынан үш есе қымбатқа - 1 миллион 170 мың теңгеге сатылды.

Бағдарламаға «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бастамашыл болды. Ондағы мақсат - тұрақты емес сауда үшін учаскені жалға алуды қалайтын кәсіпкерге жеңілдік беру. Бұрын бұл процесс бірнеше айға созылып, қыруар құжат жинауды талап ететін.

«1000 сауда орны» жобасы басталғалы бәрі де оңай бола бастады. Схема өте қарапайым: «Тобыл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы учаскені жалға алады, оны ресімдеп, аукцион арқылы кәсіпкерлерге қосалқы жалға (жалгерлік) береді. Яғни кәсіпкер аукционның ертеңіне-ақ шартқа қол қойып, жер телімін пайдалана алады.

«Аукцион ағылшын әдісімен өткізілді. 1 шаршы метрдің бастапқы бағасы 12 мың теңге болды. Аукцион барысында кәсіпкерлердің өздері жердің бағасын көтерді. «Kostanay Plaza» сауда орталығының маңындағы 30 шаршы метр 1 миллион 170 мың теңгеге сатылды», - дейді Қостанай облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Геннадий Кукоба.

Қалған учаскелер, атап айтқанда, Орталық саябақтағы және Қостанайдағы жағалаулардағы жерлер 144 мыңнан 500-600 мың теңгеге дейінгі аралықта бағаланды.

Соңғы жаңалықтар