Қостанайда сауда орталықтарына «бомба қойған» күдіктіге іздеу салынды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында жарылғыш зат туралы жалған хабарлама таратқан күдіктіге іздеу салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Қостанай қаласында полиция ірі сауда орталықтарын қоршауға алғанын хабарладық.

«29 қаңтар күні сағат 18:00-де полицияға сауда орталығында жарылғыш зат бар екендігі туралы жасырын хабарлама келді. «Март» және «Қостанай плаза» сауда орталықтарына келушілер эвакуацияланды», делінген ведомствоның хабарламасында.

Қазір полиция шұғыл шараларды бастады. «Бомба» туралы жалған хабар таратқан күдіктіге іздеу салынды.


Соңғы жаңалықтар