Қостанайда сауда орталығына «жарылғыш зат» қойылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдағы «МАРТ» сауда орталығының келушілері мен қызметкерлері эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь айтқандай, тәртіп сақшылары сауда орталығын түгелдей қоршауға алды.

«Бүгін сағат 12:40 кезінде сауда орталығының телефонына жарылғыш заттың қойылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына барлық мүдделі органның қызметкерлері жұмылдырылды. Аумақ қоршауға алынып, сауда орталығының ішіндегілер эвакуацияланды. Іздеу нәтижесі бойынша ешқандай жарылғыш зат табылмады. Ақпарат жалған болып шықты», - деді Ирина Беженарь агенттік тілшісіне.

Полицейлер жалған хабар таратқан адамды іздеп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті.

Соңғы жаңалықтар