Қостанайда сәбилерге бөлінген 5,3 млн теңгені қалтасына басқан есепші сотталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында мемлекет ақшасын жымқырды деп күдікке ілінген сәбилер үйінің бас есепшісіне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай қалалық №2 сотында «Дельфин» Қостанай сәбилер үй» ҚМК бас есепшісіне қатысты қылмыстық іс қаралды. Іс деректерінде көрсетілгендей, 2016 жылғы 1 қаңтар - 2017 жылғы 31 желтоқсан аралығында аталмыш сәбилер үйінің бас есепшісі Жамашева 5 372 200 теңге қаражатты жымқырған. Бұл аса ірі көлемдегі қаржы саналады.

«Сот үкімімен Жамашева ҚР ҚК 189-бабы, 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын қауіпсіздігі төмен түзету мекемесінде өтейді», - делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.

Сот Жамашеваны материалдық жауапкершілікке байланысты лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге шектеді.

Соңғы жаңалықтар