Қостанайда сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әйел іздестіріліп жатыр

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Тәртіп сақшылары сәбиін қасақана өлтірген Қостанай тұрғынын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствода мәлім етілгендей, кеше сағат 19:28-де Қостанай қаласы ІІБ «Оңтүстік» бөлімшесіне қоқыс жәшігінде нәрестенің жатқаны туралы хабар келіп түскен.

«Қоқыс жәшігін қарау кезінде сәбидің тірі екені білінді және жедел жәрдем қызметі оны ауруханаға жеткізді. Қазіргі уақытта жедел-із кесу шаралары жүргізіліп жатыр. Сәбидің анасы іздестірілуде», - деді ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Қатыгез анаға қатысты ҚР ҚК-нің 100-бабы («Жаңа туған сәбиді анасының қасақана өлтіруі») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, сәби ауруханаға ауыр халде түскен болатын. 

Ол бүгін жансақтау бөлімінде көз жұмды. 

Соңғы жаңалықтар