Қостанайда сәбиін автовокзалға тастап кеткен ана іздестіріліп жатыр

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай автовокзалындағы ана мен бала бөлмесінен бір жарым жасар сәби табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға кеше сағат 20.30-дар шамасында болған.

«102» пультіне автовокзалдағы ана мен бала бөлмесінде сәбидің жалғыз жатқаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына ювеналды полиция мен жедел қызмет мамандары жұмылдырылды»,- делінген ведомствоның баспасөз қызметі.

Сәбиді автовокзал күзетшілері байқаған. Ол шамамен бір жарым жаста. Оның қасында ауыстыратын киімдері салынған екі пакет болған. Осы іске қатысты тергеу шаралары жүргізілуде. Сәбидің анасы іздестіріліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар