Қостанайда РФ азаматы 11 жасар қызды тұншықтырып өлтірген

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының тумасы, бүгінде РФ азаматы өзімен бірге тұратын әйелдің 11 жасар қызын өлтіргені үшін айыпталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс деректерінде көрсетілгендей, айыпталушы 2016 жылы жұбайы мен баласын Ресейде тастап, ата-анасымен тұру үшін өзінің туған жері - Қостанай облысының Қарасу ауданына келеді. 2017 жылдың тамыз айына дейін ол жергілікті ұйымдардың біріне дәнекерлеуші болып орналасқан. Содан кейін көлікті техникалық қарау стансасына (ТҚС) автоэлектрші қызметін атқарып жүреді. Ол ТҚС-на жұмысқа тұрған соң сол жерде бұрынғы таныс әйелімен кездеседі.

«Күдікті 2018 жылдың 20 мамырында бұрынғы танысының үйіне келіп, ішімдік ішкен. Келесі күні үй иесі бірнеше күнге Қостанай қаласына кетіп, 2007 жылы туған баласы мен үйін қадағалауды күдіктіге тапсырады. 21 мамыр күні түнде айыпталушы мас күйінде өзінің жыныстық құштарлығын қанағаттандыру мақсатында танысының қызы ұйықтап жатқан бөлмеге бағыт алған. Бұл кезде қыз кереуетте ұйықтап жатты. Кәмелетке толмаған қыз күдіктінің қолы денесіне тиген оянып кетті», - делінген облыстық соттың хабарламасында.

Осы түнде күдікті қызды тұншықтырып өлтіріп тастаған. Мәйітті Восток селосынан бір шақырым қашықтықта далаға тастап кеткен. Тергеушілерді жаңылыстыру мақсатында қыздың аяқ киімінің бір сыңарын ауыл ішіне әкелген.

Осылайша, Қарасу ауданының тумасы, бүгінде РФ азаматы ҚР ҚК 99-бабы, 2-бөлігі, 3, 14-тармақтары бойынша сот алдында жауап береді.

Соңғы жаңалықтар