Қостанайда психиатриялық аурухана қызметкерінің өліміне қатысты сот отырысы өтті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Облыстық психиатриялық аурухананың бұрынғы бас дәрігері, сот-психиатриялық сараптау орталығының төрайымы Рашида Сандыбаеваға қастандық жасады деген күдікті психиатр дәрігер Зәуреш Изалдинаға қатысты сот ісінің бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық психиатриялық аурухананың бөлім меңгерушісі қызметін атқарып жүрген Зәуреш Изалдина мен диспансердің бұрынғы пациенті Руслан Гафаров кінәсін мойындамады. Болат Китебаев қылмыс жасағанын, алайда тапсырыспен кісі өлтірмегенін айтты. Ал Виктор Кодатенко айыппен толықтай келісті.

Еске салсақ, үстіміздегі жылдың 17 ақпан күні Рашида Сандыбаева мен Зауреш Изалдина сөзге келіп қалған, оған біраз адам куә болған. Изалдина - психиатриялық аурухананың ерлер бөлімінің меңгерушісі, бір кездері бас дәрігердің орынбасары болған. Кейін жұмысынан кемшілік анықталып, лауазымынан төмендетілген. Ал Рашида Сандыбаева екеуінің арасында өшпенділік орнағанына біраз уақыт болған. 20 ақпан күні екі бөлмелі пәтерінде облыстық психиатриялық сараптау бөлімінің бұрынғы бас дәрігері Рашида Сандыбаева асқан қанішерлікпен өлтірілді. Ресми мәлімет бойынша, оның денесінен 30-дан аса пышақ ізі табылған.

Қостанайлық психиатр-дәрігер Рашида Сандыбаеваны өлтірді деп айыпталған дәрігер психдиспансердің бас дәрігерін де өлтіруге тапсырыс берген. Сот тыңдауында осылай деп мәлімделді. Изалдинаның бұрынғы әріптесі, дәрігер Светлана Романова күдіктінің қызмет барысында бірнеше рет дөрекілік танытқанын көрген.

Кодатенко 1 268 000 теңге материалдық және 5 000 000 теңге моральдық шығын өтейді. Китебаев тек материалдық шығын өтеуге келісті. Гафаров пен Изалдина шығын құнын төлеуден бас тартты.

Айыптау актісіне сәйкес, Изалдина, Гафаров, Кодатенко, Китебаев «Ірі көлемдегі алаяқтық», «Тұрғын үйге заңсыз кіріп, алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде ұрлық жасауды ұйымдастыру», «Алдын ала сөз байласу арқылы тұлғалар тобымен екі және одан да көп адамды өлтіруді ұйымдастыру», «Алдын ала сөз байласу арқылы кісі өлімін ұйымдастыру» секілді бірнеше ауыр баптар бойынша айыпталып отыр. Ұйымдасқан топты ұрлық жасауға Зәуреш Изалдина итермелеп отырған. Тіпті, ол жақын таныстарының дүние-мүлкін, қомақты қаражатын тонауға нұсқау берген.

Психиатриялық аурухананың көлік жүргізушісі Павел Калашников бұрынғы әріптестердің арасында әлдебір кикілжіңнің орын алғанын байқамаған.

Рашида Сандыбаеваның өлі денесін бірінші көлік жүргізушісі көрген.

Ендігі сот отырысында куәгерлерден жауап алынады.

Соңғы жаңалықтар