Қостанайда Президенттік кадрлық резервінің қатысушысы лауазымды қызметке тағайындалды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысы әкімдігі еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Лауазымды қызметке Ержан Тоқтағұлов тағайындалды. Ол бұған дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде қызмет атқарған. Жаңа басшыны департамент ұжымына облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары Ерлан Салықбаев таныстырды. Ержан Тоқтағұлов – Президенттік жастар кадрлық резервінің қатысушысы. Оның айтуынша, халыққа адал қызмет ету – мемлекеттік қызметшінің басты ұстанымы.

«Менің Президенттік жастар кадрлық резервіне қатысуыма үш себеп болды. Бірінші кезекте, тәжірибем, күш-қуатым мен білімімді қоғамға пайда әкелу үшін барынша пайдалану. Екіншісі, өзімді дамыту және білімімді жетілдіру. Себебі тест пен тапсырмалар нәтижесі бойынша біз кері байланыс алдық. Оның үстіне бізге өз-өзіңді дамыту үшін дайын жоспар ұсынылды. Үшіншісі, қарым-қатынас аясын кеңейту. Мен өңірдегі және еліміздің түкпір-түкпіріндегі талантты жастармен танысып, ой-пікір алмасқым келді», - дейді Ержан Тоқтағұлов.

Айта кетейік, Президенттік жастар кадрлық резервіне Қостанай облысынан 12 үміткер енді.


Соңғы жаңалықтар