Қостанайда полиция қызметкері жалған қылмыстық істі ұйымдастырғаны үшін сотталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанайда Қылмыстық полиция бөлімінің жедел өкілетті қызметкері жалған қылмыстық істі ұйымдастырғаны үшін сотталды.

«Қостанай қалалық ІІД Президентті күзету қызметіндегі криминалдық полиция бөлімінің жедел өкілетті қызметкері (полицияның аға лейтенанты) Я есімді азаматшаның есірткіге тәуелділігін пайдалана отырып, ақша немесе есірткі түріндегі сыйақы беретінін айтып, «өзгенің мүлкін ұрлау туралы қылмысты ойдан шығарып, шағымдануы керектігі жайлы» ұсыныс жасаған. Әйел «жәбірленуші» тұлғаларды, «жоғалған» заттарды - қылмыс нысандарын тауып беруі тиіс болған. Кейіннен қылмыстық тергеуді екі жақтың өзара татуласуына байланысты тоқтату жоспарланып қойған», - деп хабарлайды № 2 қалалық сотының баспасөз қызметінен.

Ұсталған азамат сот үкімімен ҚР ҚК-нің 308 бабы, 4 бөлімінің «в» тармақшасы, 348 бабының 2 бөлімімен (қызмет бабын асыра пайдалану...) қарастырылған қылмысты жасады деп айыпталды. Оған 3 жылға сынақ мерзімімен қылмыстық жаза тағайындалды. Онымен бірге, ол мемлекеттік қызметке және құқық қорғау органдарында 3 жылға дейін қызметке орналасу құқығынан айырылған. ҚР ҚК-нің 50-бабына сәйкес, полицияның аға лейтенанты арнайы атағынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар