+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

Қостанайда полицейдің парамен ұсталуына байланысты департамент түсінік берді

2021 жылғы 4 тамыз 13:31
Бөлісіңіз:
Қостанайда полицейдің парамен ұсталуына байланысты департамент түсінік берді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің пара алды деген күдікке ілінген полиция қызметкерінің ұсталуына қатысты ақпаратын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Көксу ауданында 150 мың теңге пара алған бөлім басшысы 4,5 млн теңге айыппұл төледі Алматы облысында 200 мың теңге пара алған полицейлер 7 млн теңгеден айыппұл төледі Биыл Алматы облысында 69 шенеунік жемқорлық жасағаны үшін сотталған

Ведомствода ұсталған полицейдің прогрессинг орталығының басшысы қызметін атқарғанын түсіндірді.

«Жедел шаралар Қостанай облыстық полиция департаменті жеке қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп өткізілді. Қамауға алынған полицейге қатысты қызметтік тергеу амалдары жүргізілді, ол ішкі істер органдарынан қызметтен босатылды.

Сондай-ақ қызметтік тергеу қорытындылары бойынша Қостанай облыстық ПД-нің бірқатар лауазымды тұлғалары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, соның ішінде атқарған қызметтерінен босатылды», - деп түсіндірді департаменттен.

Қостанай облыстық ПД жемқорлықпен күрес – ведомство жұмысының басымдық бағыты екенін түсіндірді. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері жасаған жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар 25 пайыздан жоғары деңгейге төмендеген.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қостанайда полиция департаменті бөлімшесінің бастығы парамен ұсталғаны хабарланған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT