Қостанайда полицей жаяу жүргіншіні қағып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында болған жол-көлік оқиғасы барысында 23 жастағы жігіт мерт болды, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі.

Қайғылы оқиға 1 қазан күні болған. 23 жастағы жігітті қаққан «Киа Рио» автокөлігінің  рөлінде қалалық ІІБ қызметкері отырған.

«2017 жылғы 1 қазанда сағат 06.35 шамасында, Курганская көшесінің бойында 32 жастағы «Киа Рио» маркалы автокөлігінің  жүргізушісі 23 жастағы Қостанай қаласының тұрғынын қағып кеткен. Жәбірленуші алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды. «Киа Рио» автокөлігінің жүргізушісі Қостанай қаласы ІІБ жұмыс істейді. Оқиға кезінде ол жұмыстан тыс уақытта болған және көлік ішкі істер басқармасына тиесілі емес. Полицейге қатысты қызметтік тергеу басталды» - делінген Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі хабарламасында.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар