Қостанайда пәтер ұрылары ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында 5 пәтерді тонаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы жылдың сәуір айында Қостанай қаласының полиция басқармасына облыс орталығының 5 тұрғыны жүгінген.

«Олар пәтерлеріндегі ақша қаражаты, тұрмыстық техника мен алтын бұйымдарының ұрланғаны туралы арызданған. Жалпы шығын 3 миллион теңгені құрады. Ұрлық фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеу барысын Полиция департаментінің басшылығы бақылауға алған», - делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында «Солтүстік» полиция бөлімінің қызметкерлері 37 және 38 жастағы екі ер адамды ұстады. Қазіргі уақытта күдіктілер Рудный қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар