Қостанайда пара алған әкім орынбасары 4,5 млн теңге айыппұл төлейді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы Федоров аудандық соты аудан әкімінің экс-орынбасарына қатысты іске қысқартылған тәртіппен нүкте қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық соттың мәліметінше, Федоров ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары «Ж» ЖШС директорынан орындалған жұмыс актілері бойынша уақытылы төлем және жалпы қамқорлық жасағаны үшін 150 мың теңге көлемінде пара алған.

«Федоров ауданының іс жүргізу прокуроры мен сотталушы арасында кінәні мойындау туралы процессуалдық келісім жасалды. Сот үкімімен С. қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған параның отыз есе көп сомасы мөлшерінде айыппұл салынды. Сотталушы мемлекет тарапына 4,5 млн теңге айыппұл өтейді», - деп атап өтті облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, экс-шенеунік мемлекеттік қызметтен өмір бойына шеттетілді.

Соңғы жаңалықтар