Қостанайда пара алды деген күдікпен аурухананың бас дәрігері үйқамаққа алынды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласының мамандандырылған тергеу соты ірі сомада пара алды деп күдікке ілінген облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігеріне қатысты санкциялау шарасын қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Ведомствода мәлім еткендей, Қостанай облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігері Мүсілім Наурызов қазіргі уақытта үйқамаққа алынған.

«Қостанай қаласының мамандандырылған тергеу соты «Қостанай облыстық онкологиялық диспансері» МКҚК бас дәрігері М. Наурызовты екі айға үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы облыстық ПҚҚТК ҚІІБ жедел-тергеу тобының басшысы К. Х. Мирамовтың өтінішін қанағаттандырды», - делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.

М. Наурызов адамдармен алдын ала сөз байласып, ірі көлемде пара алды деп күдікке ілінді.

Соңғы жаңалықтар