Қостанайда өткен тәулікте төтенше жағдай режимін бұзған 45 адам ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – 10 қаңтарда Қостанай облысында 45 адам ТЖ режимін бұзған, оларға қатысты материал сотқа жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы комендатурасына сілтеме жасап.

«10 қаңтарда ішкі істер органдарына ТЖ режимін бұзған 45 адам жеткізілді. Олардың барлығына қатысты әкімшілік материал жипналып, сотқа жіберілді. Қозғалысты шекте мақсатында республикалық және облыстық маңызы бар күре жолдарда 7 блокпост және Қостанай қаласы шекараларының периметрі бойынша 7 блокпост қойылған. Осы уақытқа дейін блокпосттарда 12 164, ал соңғы тәулікте – 2563 көлік тексерілді», - деп түсіндіріп өтті комендатурадан.

Сондай-ақ, 5 қаңтардан бастап полиция департаментінде мемлекеттік, арнайы және құқыққорғау органдарының қатысуымен «Жағдаят орталығы» тәулік бойы жұмыс істеуде.

«Қостанай облысының комендатурасы облыс орталығындағы қоғамдық тәртіп күзетіне күн сайын полиция және Ұлттық гваридияның әскери қызметкерлерінен құрылған 26 патруль кірісетінін хабарлайды. Олардың мәндеті – ТЖ режимінде қоғамдық тәртіпті қорғау. Жаяу патрульдер күшейтілген, олардың бағдарларына облыс орталығының көшелері, соның ішінде жекеменшік және көппәтерлі тұрғынүйлердің аулалары кіреді», - деп атап өтті комендатурадан.

Сондай-ақ, өңір полициясы дүкендерде алкоголь өнімдерінің сатылуына жол бермеу бойынша шаралар қолдануда.

Қостанай қаласында қоғамдық тәртіп күзетінде полицейлермен бірге белсенді азаматтық ұстанымын танытқан 50 ерікті жүр.

«Дос», «10-шы регион» іздеу жасақтарының еріктілері, «JQ» караоке-барының иесі және жекелеген тұлғалар бірлесіп, қызмет атқарып жүргендерге ыстық тамақ пен сусындар жеткізуді ұйымдастырды.

«Қызыл ай және жарты ай» қоғамының Қостанай филиалынан блокпосттарда қызмет жүргізіп жүрген қызметкерлерді санитайзерлер, медициналық маскалар және тамақпен қамтамасыз ету ұсынысы түсті, деп қосып өтті комендатурадан.

Соңғы тәулік ішінде Қостанай қаласы полиция басқармасының ЖБО «102» пультіне қылмыстар мен құқықбұзушылықтар туралы 341 хабарлама келіп түсті.

Олардың арасында ауыр қылмыс тіркелген жоқ.


Соңғы жаңалықтар