Қостанайда өртеніп жатқан жатақханадан 2 бала құтқарылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында отбасылық жатақхана өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Г.Сәтжанова есімді оқиға куәгерінің сөзінше, өрт түн ортасында шыққан.

«Үйдің төменгі қабатынан ыстың иісі сезілді. Бастапқыда мән берген жоқпыз. Кенет айқай-шу басталып, тұрғындар өрттің басталғаны туралы дабыл қақты», - дейді куәгер.

Ақпаратты облыстық төтенше жағдайлар департаменті растады. Оқыс оқиға 21 тамыз күні сағат 00:39 шамасында болған.

«Қостанай қаласындағы 5 қабатты отбасылық жатақхананың 2-қабатынан өрт шықты. Пәтерден 2 бала құтқарылды. Барлығы 84 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оның ішінде 15 бала бар», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Ведомствода мәлім етілгендей, өрттің нақты себептері әлі анықталып жатыр. Бастапқы болжам бойынша,балалар отты абайсыз қолданған болуы мүмкін.

 

Соңғы жаңалықтар