Қостанайда өртеніп жатқан үйден 3 газ баллоны шығарылды

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай қаласында өртеніп жатқан үйден 3 газ баллоны шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратты. Оқиға бүгін сағат 12:00 шамасында Қостанай қаласының Чекмарева көшесінде болған.

«Жеке үй өртенді. Құтқарушылар үй ішінен 3 газ баллонын алып шықты. Өрт 120 шаршы метр аумақты шарпыды, жалын сағат 14:00 шамасында толығымен сөндірілді. Оқиға орнында жеке құрамның 22 өрт сөндірушісі мен 5 арнайы техника жұмыс істеді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов.

Қостанай облысының ТЖД тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар