Қостанайда өртеніп жатқан тұрғын үйден бес бала құтқарылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат- Қостанай қаласында тұрғын үй өртеніп, бірнеше адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 5 ақпан күні облыс орталығындағы Рабочая көшесінде болған. ТЖД кезекші бөліміне төрт қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны хабарланды.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген сәтте бірінші қабаттағы пәтер жанып жатқан. Өрт шыққан пәтердің 56 жастағы иесі мен оның ересек ұлы көршілеріне дабыл қағып үлгерген. Тез тараған жалын көрші пәтерлерге таралмауы үшін газ-түтіннен қорғау қызметінің бірінші тобы дереу отты сөндіруге кірісті. Оттегі маскаларын киген екінші топ құтқарушылары жоғарғы қабаттарға көтеріліп, зорайтқыш құрылғы арқылы тұрғындарға эвакуация туралы хабарлады. Түтін жан-жаққа тарала бастағандықтан баспалдақпен 14 адам сыртқа шығарылды. Өрт шыққан үйден 5 бала және мүгедек әйелді құтқарылып, қауіпсіз аймаққа көшірілді», делінген ведомство хабарламасында.

ТЖД мәліметінше өрт тоңазытқыштағы электр сымының қысқа тұйықталуынан шыққан.


Соңғы жаңалықтар