Қостанайда өртенген үйден ерлі-зайыптылар мен екі кішкентай қыздың денесі табылды

Фото: None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында жер үйдегі өрт төрт адамның өмірін қиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сенсек, 27 наурыз сағат 13:57 кезінде Қостанайдағы Тобыл көшесінде екі қабатты жеке тұрғын үйден өрт шыққан.

Қызыл жалын екінші қабатқа 100 шаршы метр аумақты шарпыды.

Оқиға орнынан үй-жайды жалға алған 1988 жылы туған азаматтың жанып кеткен денесі табылды.

Өрт кезінде зардап шеккен 1985 жылы туған әйел жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.

Көрші бөлмеден өрт сөндірушілер 2011 және 2013 жылы туған екі қыздың мәйітін тапты. Олар туыстарына қонаққа келген екен.

Тілсіз жау сағат 15:05-те сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Оқиға орнында ТЖД сынақ зертханасының мамандары жұмыс істейді.

Өртті сөндіруге ТЖД 23 қызметкері мен 5 арнайы техника жұмылдырылды.


Соңғы жаңалықтар