Қостанайда өртенген тұрғын үйден 12 адам құтқарылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанайдағы көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өрт Баймағамбетов көшесіндегі № 169 үйден шыққан. Алдымен, кіреберістегі шкаф пен тұрмыстық заттар жанған. Өртеніп жатқан үйден 12 адам эвакуацияланды. Оның 3-і - балалар. Құтқарушылар үй иелерін өрттен аман алып қалды», - деді облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов.

Белгілі болғандай, үй иелерін күйік шалған. Алайда, олар ауруханаға жатудан бас тартқан.

Соңғы жаңалықтар