Қостанайда өрт сөндірушілердің көлігі жеңіл көлікпен соқтығысты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда өрт сөндіруші көлік «Нива» маркілі жеңіл көлігімен соқтығысып, 3 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы әл-Фараби мен Чехов көшелерінің қиылысында болған.

«Кезекшіліктегі өрт сөндіруші көлік пен «Нива» көлігі соқтығысты. Өрт сөндірушілер Қостанай-2 ауданындағы жеке иеліктегі үйдің өртін сөндіруге кетіп бара жатқан. Көлік Чехов көшесімен Таран көшесіне қарай жылжып бара жатып, өзге көліктердің өзіне жол бергеніне көз жеткізбестан жолға шығып кеткен. Сөйтіп, «Нива» маркілі көлігімен соқтығысты»,-деп мәлімдеді департамент өкілдері.

Жол апатының салдарынан 3 адам түрлі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жатқызылды.

Фото: Alau.kz

Соңғы жаңалықтар