Қостанайда орақ науқаны аяқталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат -  Қостанай диқандары күзгі жиын-терім жұмыстарын бітірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі . 

Өңірде 2 қазан күні орақ науқаны 100 пайызға аяқталды. Биыл көктемде облыс шаруалары 4,2 млн гектарға дән еккен. Дала жұмыстарына 75 мың тонна дизельдік отын бөлініп, 11 мың техника жұмылдырылды. Диқандар әуелгі кезекте арпа және зығырды орудан бастады. «Белозерка-2030», «Садчиковское», К. Маркс атындағы шаруашылық, «Естаев», «Павловский» шаруа қожалықтары биылғы жылы едәуір өнімге қол жеткізіді.

Жалпы, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биыл 5 млн 225,3 мың тонна астық жиналған. Орташа түсім гектарына 12,5 центнерден келеді.

Биыл өңірде алқаптардың басы бөлігіне 4 192,8 мың гектарға яғни 80,7 пайызына астық және майлы дақылдар егілді. 641,2 мың га (12,3%) - жемдік, 351,3 мың га (6,7%) - майлы дақылдар, 8,9 мың га (0,2%) - картоп, 2,8 мың га (0,1%) алқаптан көкөніс және бақша дақылдары алынды.

Айта кетейік, былтыр 4 млн 535,9 мың тонна астық бастырылған еді.

Соңғы жаңалықтар