Қостанайда он күн ыстық су болмайды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайда жылумен қамту жүйесін күзгі маусымға дайындауға байланысты, он күн бойы ыстық су болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай жылу энергетика компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2019 жылғы 19-22 тамыз аралығында «ҚазТрансГазАймақ» АҚ газ құбырында жүргізілетін жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты, біздің кәсіпорынға табиғи газ берілмейді. Осыған орай, аталған кезеңде Қостанай қаласының жылумен қамту жүйесін күзге дайындау жұмыстары жүргізіледі. 2019 жылдың 19 тамызынан 28 тамызына дейін бүкіл қалада ыстық су болмайды», - деп мәлімдеді коммуналдық кәсіпорын.

Компания келтірілген қолайсыздықтар үшін Қостанай тұрғындары мен қонақтарынан кешірім сұрайды.

Автор: Жанна Мұсабаева

Соңғы жаңалықтар