Қостанайда Наурызға орай аз қамтылған 317 отбасына азық-түлік үлестірілген

Фото: None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында Наурыз мейрамы қарсаңында 317 аз қамтылған отбасына азық-түлік жиынтығы тапсырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аманат» партиясы бастамашылық еткен «Бақытты отбасы» партиялық жобасын іске асыру шеңберінде Наурыз мейрамын мерекелеу құрметіне Қостанай облысында көпбалалы және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған, қазіргі таңда АӘК алатын 317 аз қамтылған отбасы азық-түлік жиынтығын алды.

Бұл жайында аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов мәлім етті.

«Мен өзім бірнеше отбасына барып, азық-түлік жиынтығын ұсындым. Алдымен Анна Пинежскаяның отбасына бардым, ол көпбалалы және мүгедек баланы тәрбиелеп отыр. Аннаның 5 баласы бар, жалғыз өсіріп жатыр. Сондай-ақ, 4 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы Деріпсәлі Қаламқастың отбасына және «Алтын алқа» алқасымен марапатталған Шәкірова Жанат отбасына азық-түлік себеттерін табыс еттім. Сонымен қатар, біздің облыстың басқа да отбасыларына мұндай себттер берілді. Азық-түлік жиынтығына ұн, қант, күнбағыс майы, шай, жарма, макарон өнімдері және кәмпит сияқты қажетті өнімдер кіреді» деп жазды әкім.

Сонымен қатар, аталған жоба аясында облыс кәсіпкерлері мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер, партия мүшелері мұқтаж отбасыларға жөндеу жұмыстарын жүргізу, азық-түлікпен, қажетті көмір және отын қорымен қамтамасыз ету, қарыздарды өтеу және коммуналдық қызмет көрсетуді қалпына келтіру, улы газ датчиктерін орнату бойынша көмек көрсету бастамасын қолдады.

Бағдарлама іске асырыла бастағаннан бері облыстың 21 мыңға жуық отбасына көмек көрсетілген.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.


Соңғы жаңалықтар