+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.77 EUR 427.26
RUB 6.00 CNY 54.56
Jańalyqtar

Қостанайда мүмкіндігі шектеулі жандардың қызмет алу тәртібі жеңілдейді

2019 жылғы 31 шілде 17:35
Бөлісіңіз:
Қостанайда мүмкіндігі шектеулі жандардың қызмет алу тәртібі жеңілдейді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттің органдарға өтініш беру тәртібі жеңілдемек. Бұл туралы Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары Асхат Ескендіров облыс коллегиясының кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Пәтерінде жалғыз қалған ақтөбелік мүгедек қыз екі күн бойы аш жатқан

Қазіргі уақытта облыста 7 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адамға қызмет көрсетіледі. Асхат Ескендіровтің сөзінше, осы жылдан бастап олардың қызмет алу тәртібі жеңілдейді.

«Мемлекет басшысы өмір сүру сапасын жақсарту, мүмкіндігі шектеулі адамдарды, сондай-ақ, халықтың әлеуметтік осал топтарын назардан тыс қалдырмау керектігін айтты. Қазіргі уақытта олардың әлсіз физикалық жағдайын ескере отырып, мемлекеттік органдарға өтініш беру тәртібін жеңілдету міндеті тұр. Біріншіден, қолданыстағы нормативтік құжаттарға түзетулер енгізу арқылы мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесін ілгерілету ұсынылды. Мысалы, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу тәртібі мүмкіндігі шектеулі жандарға бөлек қарастырылмаған», - деп атап өтті А. Ескендіров.

Енді медициналық ұйымдар өтініш берген мүмкіндігі шектеулі жанның денсаулық жағдайын онлайн бақылай алады. Сонымен қатар, дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы және медициналық құжаттар науқастың қатысуынсыз, сырттай тексеріледі.

«Мүгедек жандарға сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдар, кресло-арбалар беру мәселелері күн тәртібіне қойылды. Департамент мамандары мүгедектерге күтім жасау бойынша жеке көмекшінің қызметтерін көрсететін үлгі шартын әзірлейді. Біз халықтың әлеуметтік осал топтарының және оларды біріктіретін қауымдастықтардың өтініштерін жан-жақты талқылаймыз», - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Мухамедиярова Жанара
Мухамедиярова Жанара
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT