Қостанайда мүгедектігі бар балалар қоғамдық көліктерде тегін жүре алады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайда мүгедектігі бар балалар қоғамдық көліктерде тегін жүре алады. Ол үшін «Alem pay» арнайы әлеуметтік картасын сатып алу қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Қостанай қаласы әкімдігінің ТКШ бөлімі Instagram-да жазды.

«Қостанай әкімдігінің бірлескен қаулысы мен Қостанай облыстық мәслихатының Қостанайда қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру жөніндегі шешімі 29 шілдеде күшіне енді», - деп хабарлады ведомство.

Азаматтардың келесі санаттары тегін жол жүре алады:

- ҰОС қатысушылары мен мүгедектері, басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлері, ҰОС ардагерлеріне жеңілдіктер бойынша теңестірілген ардагерлер;

- 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;

- «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;

- бірінші және екінші топтағы мүгедектер.

Арнайы әлеуметтік карталарды «ALEM PAY» операторынан сатып алуға болады. Картаны алу үшін қостанайлықтар азаматтардың жеңілдік санатына жататынын растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.


Ашық көздерден алынған фото





Соңғы жаңалықтар