Қостанайда монша өртеніп, бір адам көз жұмды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында 7 жасар қыз ыстан уланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әулиекөл ауданының Құсмұрын кентінде болған тұрғын үй өртінен 7 жасар қыз зардап шекті.

«Жеке тұрғын үй секторында 20 шаршы метр аумақта жиһаз өртенді. «Көмірқышқыл газымен улану» диагнозымен аудандық ауруханаға 2012 жылы туған қыз жеткізілді», - делінген ТЖД хабарламасында.

Аудандық ауруханада хабарлағандай, қазір баланың жағдайы ауыр. Өрттің нақты себебі анықталуда. Алдын ала болжам бойынша, балалар өрт шығарып ойнаған.

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қыз атасымен бірге тұрған. Атасы жұмыстарымен сыртқа шығып, немересін бірнеше сағат бойы үйде қалдырып кеткен.

Тағы бір өрт Қостанай қаласының маңындағы саяжай қоғамында болды.

«Жеке тұрған монша толығымен жанып кетті. Өрт орнында 1981 жылы туған ер адамның денесі табылды. Өрттің алдын ала себебі - темекі шегу кезінде отты абайсыз қолдану», - деп хабарлады ведомстводағылар.

Соңғы жаңалықтар