Қостанайда металл істіктерге құлап, 58 жастағы ер адам көз жұмды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдағы «Тобыл-Керамика» ЖШС-нің аумағында 58 жастағы ер адам қаза тапты.

Қостанай облыстық ТЖ депарментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ер адам бункер аузындағы істіктері бар білікке құлап, алған жарақаттарынан көз жұмды. Адам қаза тапқан бункердің ішінде балшықты өңдеу жұмыстары жүргізіледі.

Кәсіпорын бұрынғы химия зауытының аумағында орналасқан. Қайғылы оқиға 16 желтоқсан күні кешкі уақытта болды. Ол туралы кезекші бөлімге хабарланған соң, оған Қостанай облыстық ТЖД мен ІІД-нің жедел топтары, сондай-ақ жедел жәрдем көлігі келіп, қажетті шараларды қолға алды. Опат болған адамның мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Соңғы жаңалықтар