+7 (701) 759 90 19
USD 376.16 EUR 406.18
RUB 5.90 CNY 53.60
Jańalyqtar

Қостанайда мерт болған полицейдің артында 4 айлық сәбиі қалды

2020 жылғы 20 қаңтар 10:12
Бөлісіңіз:
Қостанайда мерт болған полицейдің артында 4 айлық сәбиі қалды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қызметін атқару кезінде мерт болған қостанайлық полицей Дархан Базарбаевтың артында 4 айлық сәбиі қалды. Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Дархан Базарбаев полиция қызметіне 2016 жылы келген. Әскерден енді келген жас жігіт кезекші бөлімге жұмысқа тұрып, кейін патруль бөліміне ауысты.

Полицияның кіші сержанты Данияр Баймағамбетовтің айтуынша, Дархан әр уақытта көмекке келуге дайын тұрады.

«Дархан Базарбаевтың қазасы оның отбасы ғана емес, облыстық полицияның орны толмайтын қайғысы дер едім. Ол кісіге көмектескенді қызметінің басты міндеті деп білетін. Біз жұмысты бірге бастадық. Жақсы маман жақсы досқа айналды. Әлі сене алар емеспін. Кеше ғана тапсырмаларды бірге орындаған әріптесіміз бүгін жоқ. Антқа адал, досқа берік азаматтан айырылдық. Жанға бататыны осы», - дейді Данияр Баймағамбетов.

Дархан Базарбаев 2019 жылғы наурыз айында Мөлдір есімді қызбен отау құрды. 4 ай бұрын олардың шаңырағында Әлисұлтан есімді баласы дүниеге келді.

«Оның қызметтік жолы тағы бір сатыға өсіп, бұған әкелік міндетті атқару қосылды. Онымен отбасы, әке болу туралы ашық әңгімелесетінбіз. Осы жолда аянбай еңбек етіп келе жатты. Спортты сүйді, мансабын жақсы құруға тырысты. Ең бастысы, Дархан қиындыққа тап болған адамға қол ұшын созу қасиетін биік қойды. Әлі есімде, былтыр қыста жолда тұрып қалған «Камаз» жүргізушісін аман сақтап қалды. Жүргізушінің үсіп кетуіне жол бермеді», - деп еске алды полицей Ербол Дәнкенов.

Еске салайық, Дархан Базарбаев 19 қаңтар күні қызметтік міндетін атқару кезінде қаскөйдің қолынан мерт болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қостанай облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT