+7 (701) 759 90 19
USD 417.9 EUR 503.07
RUB 5.64 CNY 64.7
Jańalyqtar

Қостанайда мемлекеттік сатып алуды тексеру кезінде 300 млн теңге үнемделді

2021 жылғы 21 қаңтар 21:53
Бөлісіңіз:
Қостанайда мемлекеттік сатып алуды тексеру кезінде 300 млн теңге үнемделді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында мемлекеттік сатып алуды веб-портал арқылы бақылаудың арқасында 300 млн теңге үнемделді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі облыстық департаментінің басшысы Қуаныш Бекбасов журналистермен өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі талқыланды «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әділдік философиясы» тақырыбында адалдық сағаты өтті Елімізде бизнес пен инвесторлардың меморгандарға сенімін арттыру бағытында жоба іске асыруда

Департамент басшысы айтқандай, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту бағытында заңнамалық өзгерістер енгізілді.

Елдегі төтенше жағдайға қарамастан, жемқорлыққа қарсы жобалар тоқтаған жоқ.

«Қостанай - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, арнайы мониторинг тобының, ақпараттық-насихаттау штабының жұмыстары белсенді жүргізілді.

Оның үстіне, агенттіктің қолдауымен «Адал көмек», «Антикор лайф», «Сапалы жол», «Саналық ұрпақ», «Ашық бюджет интерактивті картасы», «Инвестициялық бастамаларды сыбайлас жемқорлықтан қорғау» жобаларының белсенділігі де төмендеген жоқ.

«Өңірде ашық бюджеттердің интерактивті картасы жасалып, сәтті жүзеге асырылып келеді. 2020 жылы интерактивті карта порталына 984 мемлекеттік орган мен ведомстволық бағынысты ұйымдар тіркелген. Сайтқа 420 млрд теңге болатын 4192 бюджеттік бағдарлама жарияланды. Карта бойынша жұмыс осы жылы жалғасады, облыста іске асырылатын бағдарламалардың барлық бюджеті жүктеледі. Оларды халық көруі тиіс. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу мониторингіне ерекше назар аударылды. Жыл басынан бері құны шектен тыс жоғары және тиімсіз қызметтерді бақыладық. Соның арқасында «Сатып алудың бірыңғай терезесінде» бюджеттің 300 млн теңгеден астам қаражаты үнемделді», - дейді Қуаныш Бекбасов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT