Қостанайда мемлекет меншігіндегі қызметтік көліктердің шеруі өтті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда «Қызметтік көлік - қызметтік мақсат үшін» атты мемлекеттік қызметшілердің автошеруі ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



Мұндай ауқымды шара облыста бірінші рет өткзіліп отыр. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті мұрындық болған акцияға облыстың барлық аудан, қалаларынан автокөліктер әкелінді. 

«Қазіргі кезде мемлекеттік автокөліктердің тек қызметтік мақсатта пайдаланылуы бойынша бірнеше шаралар ұйымдастырып жатырмыз. Арнайы тіркеу белгісі болмаса, көпшілік мемлекеттік көліктің қандай мекемеге тиесілі екенін біле бермейтінін айта кету керек. Сондықтан алдағы уақытта мемлекет меншігінде тұрған көліктерге ерекше белгілер ілінуі тиіс», - деп атап өтті департамент басшысының орынбасары Ерлан Салықбаев. 

Автошеруге 22 мемлекеттік көлік қатысты. Олардың барлығына мемлекеттік органның атауы, сенім телефоны және арнайы белгілері жабыстырылған.  

Ұйымдастырушылардың айуынша, мұндай акциялар әуелі тұрғындар үшін қажет. Олар кез келген сәтте көліктің қай органға тиесілі екенін біле алады.


Соңғы жаңалықтар