Қостанайда мектеп оқушысы көпірден секіріп, суға кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін таңертең Қостанай қаласы әуежайының жанындағы Тарелочка өзенінде қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық денсаулық сақтау басқармасынан бұл фактіні растады.

«Бүгін сағат 10:30-да жедел жәрдем қызметіне телефон шалынды. Оқиға орнына шыққан медициналық қызметкерлер бригадасы 15 жастағы жасөспірімнің денесін судан алып шыққанша күтті. Оны қарау кезінде реанимациялық іс-шаралар өткізілді. Бірақ, өкінішке қарай, одан нәтиже шыққан жоқ. жедел жәрдем бригадасы баланың өлімін тіркеді», - деп хабарлады ведомстводан.

Басқарманың берген алдын ала мәліметінше, қаза болған жасөспірім суға секіріп, мойынын сынып кеткен.


Авторы Жанна Мұсабаева


Соңғы жаңалықтар