Қостанайда мектеп оқушысы із-түссіз жоғалып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайлық тәртіп сақшылары 14 жасар балаға іздеу салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2004 жылы туған Николай Шенкель кеше қаладағы Әл-Фараби көшесіндегі үйінен шығып кеткен. Ол орталық саябаққа қарай бағыт алған. Баладан әлі күнге дейін хабар жоқ. Ата-анасы бірден полицияға хабарласты.

Дәрігерлер балаға «Церебральді сал ауруы» диагнозын қойған.

Николай Шенкельдің үстінде жасыл жейде, көк түсті джинсы шолақ шалбар, резеңке аяқ киім болуы мүмкін. Облыстық ІІД қызметкерлері жоғалып кеткен бала туралы хабары бар адамдардың мына телефондарға хабарласуын сұрайды:

52-60-54, 54-46-10, 52-68-12, 52-68-39, 52-67-11, 8-705-441-28-86 немесе «102».

 

Соңғы жаңалықтар