Қостанайда мектеп аумағында өскен жабайы сора орылып, өртелді

Фото: None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайда полицейлер еріктілермен бірге шаңғы базасының аумағында бес гектар жабайы сора өртеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өсімдік № 3 балалар-жасөспірімдер орта мектебінің аумағында өскен. Мектеп қызметкерлері полициядан жабайы кендірді жоюға көмек сұраған.

«Полиция тәркіленген есірткілерді өртеу акциясын комиссия мен қоғамдастықтың алдында тұрақты өткізіп келеді. Мақсаты – қайта айналымға шығаруға жол бермеу», - деді облыстық ПД қызметкері Айгүл Ерәділова.

Өсімдікті өртеу «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өтті, оның міндеттерінің бірі – құрамында есірткі бар өсімдіктердің жабайы және заңсыз өсірілетін дақылдарын анықтау және жою.

Жыл басынан бері өңірде 207 есірткі қылмысы мен құқық бұзушылық, оның ішінде құрамында есірткі бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсірудің алты фактісі анықталды.

Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, мұнда қарасора адам бойымен бірдей болған.



Соңғы жаңалықтар