Қостанайда медициналық мекемелерді оңтайландыру арқылы 75 млн теңге үнемделеді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамыту бойынша Бірыңғай перспективалық жоспарды іске асыру аясында Қостанай облысында медициналық ұйымдарды оңтайландыру, біріктірудің арқасында олардың саны 40-тан 23-ке дейін қысқарады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Облыстағы оңтайландыру процесі туралы Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вячеслав Дудник баяндап берді. Жыл соңына дейін 40 стационарлық ұйымның 23-і қалады деп жоспарланып отыр.

«Арқалық ауруханасына перзентхана қосылады. Рудный қалалық ауруханасына балалар ауруханасы мен перинаталдық орталық қосылды. Қостанай, Рудный, Арқалық қалаларының жедел медициналық жәрдем стансалары қосылып, облыстық жедел жәрдем стансасы құрылған. Облыстық аурухананы қайта ұйымдастыру мәселесіне келсек, ол перинаталдық орталық және тері-венерологиялық диспансерді қосу жолымен іске асырылып отыр», - деді В.Дудник.

Ведомствода сендіргендей, медициналық ұйымдарды біріктірудің арқасында үнемделген бюджеттік қаражат сомасы 75 млн жуық теңгені құрайды. 

Соңғы жаңалықтар