Қостанайда медициналық мекеме жалған науқастардан 12 млн тапты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облыстық мемлекеттік кірістер департаменті кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында көрсетілген қызметтердің санын еселеп жазу арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактілеріне қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тергеу барысында кәсіпорынның қызметкерлері медициналық мекемеге мүлдем келмеген немесе ақылы қызмет түрлерін пайдаланған науқастар туралы жалған мәлімет енгізген», - деді Қостанай облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінде.

Осылайша, Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит органының қорытындысы мен сот-экономикалық сараптаманың негізінде кәсіпорын заңсыз түрде 12 миллион теңге жымқырғаны анықталды.

Қазіргі уақытта барлық  қажетті тергеу шаралары аяқталды

Соңғы жаңалықтар