Қостанайда медицина қызметкеріне пара алды деген айып тағылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы ұйымының шаруашылық бикесі пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Қостанай облыстық ұйымының шаруашылық бикесіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Ол К. азаматшасын арандатты деп күдіктелуде. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғаларына оны Covid-19 модульдік жұқпалы аурулар ауруханасына санитар лауазымына орналастыру туралы мәселені шешкені үшін 1 000 АҚШ доллары сомасында пара беруге қатысты», - деп хабарлады ведомстводан.

Тергеу жалғасуда. Күдіктіге қатысты оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанайда Экономикалық тергеу департаментінің қызметкері пара алды деп күдіктелгені хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар