Қостанайда мас жүргізуші көлігімен теміржолда тұрып қалды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласында көлік жүргізушісі теміржол үстіне шығып кетіп, тұрып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарьдің айтуынша, оқиға бүгін таңғы сағат 06:00 шамасында болған.

«102» кезекші пультіне полицияның желілік бөлімінің қызметкері қоңырау шалып, теміржол бойына «Фольксваген» көлігінің шығып кеткенін хабарлады. Оқиға орнына тәртіп сақшыларының тобы жұмылдырылды», - деді Ирина Беженарь агенттік тілшісіне.

Полицейлер көлікте 31 жастағы ер адамның жалғыз болғанын анықтады. Оған ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс бойынша хаттама толтырылып, айыппұл жазылды. Тексеру нәтижелерінен соң көлік жүргізушісінің алкоголь ішкені белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар