Қостанайда мəслихат сайлауына 18 əйел үміткер болып тіркелді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - 29 қазанда Қостанай облысында 12 сайлау учаскесінде мəслихаттың қосымша сайлауы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мəслихатта 12 орын бос тұр. Бұл туралы Қостанай облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Антонина Маркова айтты.

«Аудандық жəне қалалық мəслихаттардағы бос тұрған 12 орынға 36 үміткер тіркелді. Оның 12-сі саяси партиялардың атынан түсіп отыр. Жасы 40-тан төмен 24 үміткердің тіркелгенін айта кету керек. Бұл бұрын соңды болмаған жағдай», - деді А.Маркова.

 Үміткерлердің ішінде 18 əйел, 18 ер адам тіркелген. 30 жасқа дейінгі қосымша сайлауға 10 үміткер, 40 жасқа дейін - 14, 50 жасқа дейін 8 адам болса, 60 жасқа дейінгі үміткерлердің саны - 4. Қосымша сайлау Алтынсарин, Амангелді, Жанкелдин, Жітіқара, Сарыкөл, Федоров аудандары мен Рудный, Лисаков қалаларының сайлау учаскелерінде өтеді.

Соңғы жаңалықтар