+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Қостанайда латын әліпбиі кабинеті ашылды

2019 жылғы 18 сәуір 16:13
Бөлісіңіз:
Қостанайда латын әліпбиі кабинеті ашылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында латын қарпіне негізделген қазақ тілін оқыту кабинеті ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында латын әліпбиіне негізделген қазақ тілін оқыту кабинеті ашылды. Облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Меңдекинова латын әліпбиіне көшу жобасы бойынша 2017 жылдан бастап 6 мыңнан астам іс-шара өткізілгенін жеткізді.

«Ақпараттық-түсіндіру тобы 500 мыңнан астамды қамтыды. 2018 жылы осынау жобаны іске асыруға 19 млн теңгеден астам қаражат жұмсалған. Соның ішінде ғылыми конференциялар, ашық сабақтар, семинарлар бар. Өткен жылғы Ұлттық комиссия мақұлдаған қазақ тілінің латынға негізделген емле-ережесін өңір тұрғындарына оқытып-үйрету мақсатында биыл 22 млн теңге бөлініп отыр», - деді басқарма басшысы.

null

Айта кетейік, осы жылы облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің қолдауымен аймақ бюджетінен орталықтың материалдық-техникалық базасын нығайтуға және жаңа кабинет жабдықтауға 7 млн теңге қаражат бөлінді. Енді бұл кабинетте қысқа мерзімді курстар оқыту жоспарланған. Әдіскер-оқытушылар 24 сағаттық қысқа мерзімді оқыту бағдарламасын әзірлеген.


null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT