+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қостанайда қызыл көлікпен қызды ұрлап кеткені туралы хабар тарады

2018 жылғы 2 қазан 08:14
Бөлісіңіз:
Қостанайда қызыл көлікпен қызды ұрлап кеткені туралы хабар тарады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Затобольск №3 мектеп-гимназиясының маңында белгісіз біреу қыздың алқымынан алып, оны белгісіз бағытқа алып кеткен. Осындай мазмұндағы хабарлама әлеуметтік желіде тараған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Онда аталып өтілгендей, оқиғаға байланысты іздеу шаралары басталды.

«01.10.2018 жылы Затобольск кентіндегі №3 мектеп-гимназиясының маңында белгісіз біреу бүлдіршіннің (қыздың) алқымынан алып, оны белгісіз бағытқа қарай алып кеткені туралы хабар түскен. Қызыл түсті көлік күдікке ілікті», - делінген Қостанай АІІБ бастығының міндетін атқарушы М.Б.Жайлаубеков қол қойған бағыттамада.

Таратылған хабарламада аталып өтілгендей, осы туралы қандай да бір ақпарат білетіндерден 102 нөмірі бойынша полицияға байланысуларын сұрайды.

Қостанай ІІД баспасөз қызметі бұл фактіге қатысты әзірге түсінік берген жоқ.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT