Қостанайда «Қызыл кітапқа» енген құсты атқан аңшы ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында «Қызыл кітапқа» енген құсты атқан жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысы полиция департаменті табиғат қорғау полициясының қызметкерлері аң аулау маусымында рейдтерті көбейтеді. Кезекті тексеру шаралары кезінде «Қызыл кітапқа» енген құсты ату дерегі тіркелді.

«Қамысты ауданының аумағында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері ерекше қорғауға алынған қызыл қазды атып өлтірді деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады. Сондай-ақ аңшы сөмкесінен дала үйрегі мен қызыл үйректің терісі тәркіленді. Қазіргі уақытта Қамысты аудандық полиция бөлімі «Заңсыз аң аулау» бабы бойынша қылмыстық істі бастады», - деді Қостанай облысы ПД табиғатты қорғау полициясы бөлімшесінің бастығы Талғат Ахметов.

Қазір осы іс бойынша сот-медициналық, биологиялық, трассологиялық, баллистикалық сараптамалар тағайындалды. Сонымен қатар мемлекетке келтірілген шығын көлемі есептелуде.


Соңғы жаңалықтар