Қостанайда күйіп қалған 4 жасар баланың жағдайы ауыр - дәрігер

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында отқа күйіп қалған 4 жасар Артем Логовчиннің жағдайы ауыр. Бұл туралы облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Игорь Белобржицкий айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бала әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы ауыр. 3-4 дәрежелі күйік шалу диганозы қойылды», - деді И. Белобржицкий.

Бас дәрігердің айтуынша, әуелі терінің күйген жерлерін емдеу қажет. Содан кейін жара арнайы матамен таңылады.

Еске салсақ, оқиға өткен жексенбіде Федоров ауданында болған. Отқа құйылған бензиннің жалыны шарпып 4 жасар Артем Логовчиннің аяғы қатты күйіп қалған.

 

Соңғы жаңалықтар