Қостанайда құрылысшылар қауымдастығы құрылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда жаңадан құрылған құрылысшылар қауымдастығының бірінші жиыны өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында жергілікті тауар өндірушілерді қолдау жөнінде бірінші отырыс өтті. Жиында құрылысшылар қауымдастығы құрылды. Оны белгілі құрылыс саласының маманы, «БК-Строй» компаниясының директоры Игорь Ким басқаратын болды.

«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің мәселелерін тиімді әрі жедел шешеді. Бүгінде әр кәсіпкер белгілі бір қиындықтарға тап болуы мүмкін. Ол мәселелерді бірігіп шешу барынша оңайға түседі. Сол себепті біз осындай қауымдастық құрып отырмыз. Қауымдастық құрамына тек құрылысшылар ғана емес, жобалаушылар, техникалық қызметкерлер де кіреді», - деді Игорь Ким.

Бірінші отырыста-ақ жаңадан құрылған қауымдастыққа кіруге 29 кәсіпорын ниет білдірді. Бірлестік құрылысшылардың мәселелерін зерттеп, оларды кәсіпкерлер палатасының көмегімен шешетін болады.

Сонымен қатар, қауымдастық құрылыс саласының нормативтік-техникалық базасын жетілдіруге, қолжетімді тұрғын үй нарығын қалыптастыруға және тұрғын үй құрылысы қарқынын аттыруға қатысады. Құрылыс саласында еңбек ететін ғалымдар мен мамандарды шоғырландыру, құрылыс кәсібінің беделін көтеру де басты міндеттердің бірі.

Соңғы жаңалықтар