USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Қостанайда құрылыс жұмысын ұзаққа созған ЖШС директоры үш жылға сотталды

2021 жылғы 4 желтоқсан 17:11
Бөлісіңіз:
Қостанайда құрылыс жұмысын ұзаққа созған ЖШС директоры үш жылға сотталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – ЖШС директоры Қостанайда үлескерлердің ақшасын тарта отырып, көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын лицензиясыз жүргізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда Абай даңғылынан жоғары қарай салынатын үйлердің биіктігі 3 қабаттан аспауы керек Жамбылда мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту үлесі 61,2 пайызды құрады Құрылыс саласында импортталатын тауарлар отандық өніммен алмастырылады

Қостанай қаласының №2 сотында алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен мүліктік залал келтіргені үшін ЖШС директоры К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, сотталушы К. тұрғын үй құрылысына лицензиясы жоқ бола отырып, үлескерлердің жергілікті атқарушы органдар беретін ақшасын тарту есебінен келісілген эскиздік жобасы мен құрылысқа рұқсаты болмастан, көппәтерлі тұрғын үй құрылысын жүргізе бастаған.

«2012 жылдан бастап 2020 жылға дейін К. үй құрылысына инвестициялау шарттары және болашақ сатып алушылармен пәтерлерді сатып алу-сатудың алдын ала шарттарын жасаған, осылайша үй құрылысы аяқталмастан азаматтардың қаражаты тартылған. Сотталушы К. шарттар бойынша міндеттемелерін орындамаған және сатып алушыларға 948 140 061 теңге сомасына ірі залал келтіре отырып, пәтерлерді, гараж бокстарын, тұрақ орындарын, коммерциялық үй-жайларды бермеген», - деп хабарлады облыстық сот.

Сот жарыссөздері барысында прокурор жәбірленушілердің мүлкін аса ірі мөлшерде алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен ұрлады деген айып тағып, 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін мойындамады. Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында ол 2021 жылғы ақпандағы жағдай бойынша нарықтық құны 1 551 166 681 теңгені құраған аяқталмаған объектіні беру арқылы залалдың орнын толтырды.

Сот жаза тағайындаған кезде іс бойынша жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

«ҚК-тің 195-бабының 4-тармағы 2-бөлігінің санкциясы мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Сот 3 жыл бас бостандығынан айыру, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, сәулет-қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы әкімшілік-өкімдік функцияларды 2 жыл 6 ай мерзімге, жазасын орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтей отырып, жаза тағайындады», - деп хабарлады сотта.

Сотталушы сот залында қамауға алынды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT